Астанада 29 шілде мен 9 тамыз аралығында цифрлық және дәстүрлі спортты біріктіретін «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорттық турнирі өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Жарысқа әлемнің түрлі елдерінен 800-ден астам спортшы қатысады. Ұйымдастырушылардың болжамынша, 12 күнге созылатын турнирді 100 мыңнан астам көрермен тамашалайды.
Сайыстар «Барыс Арена», Beeline Arena, Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешені және Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.