Астанада 3 тоннадан астам тұтынуға жарамсыз ет сақтаған заңсыз цех әшкереленді

Мұнда өндірілген өнімдер қаладағы дүкендер мен дәмханаларға жеткізіліп отырған.

Астанада полиция қызметкерлері жеке тұрғын үйлердің бірінде заңсыз жұмыс істеген ет өңдеу цехын анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Тексеру барысында кәсіптің ешқандай рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істегені белгілі болды. Мұнда өндірілген өнімдер қаладағы дүкендер мен дәмханаларға жеткізіліп отырған.

Рейд кезінде санитариялық талаптар сақталмай сақталған, шығу тегі мен сапасы белгісіз 3 тоннадан астам ет өнімі тәркіленді. Мамандардың айтуынша, ет тиісті температурада сақталмағандықтан, тұтынуға жарамсыз болған.

Полиция заңсыз цехтың жұмысын тоқтатып, барлық өнімді жойды. Цех иелері заң талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартылды.