Қазақстанның қай өңірінде инвестиция азайып бара жатқаны белгілі болды

Инвестицияның негізгі бөлігі кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен қаржыландырылды.

2026 жылдың қаңтар–маусым айларында Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 9,5 триллион теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,6%-ға өсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Инвестицияның ең жоғары өсімі Ұлытау облысында (2 есе), Жамбыл (59,6%), Түркістан (44,4%), Абай (23,2%), Батыс Қазақстан (23%) және Алматы облысында (18,5%) тіркелді.

Ал Жетісу облысында (-21,6%), Шымкентте (-20%), Қарағанды (-10,3%) және Солтүстік Қазақстан облысында (-3,2%) инвестиция көлемі азайған.

Инвестицияның негізгі бөлігі кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен қаржыландырылды. Оның көлемі 6,5 трлн теңгені құрап, жалпы инвестицияның 68,8%-ын құрады.

 

Қаражаттың басым бөлігі өнеркәсіпке (41,4%), жылжымайтын мүлік саласына (18,8%), көлік және қоймалауға (15,9%) және ауыл шаруашылығына (6,2%) бағытталды.