Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы Бахрейндегі АҚШ армиясына тиесілі теңіз дрондарының қоймасы мен жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін нысананы анықтау орталығына соққы жасалғанын мәлімдеді.
Ресми мәлімдемеге сәйкес, бұл шабуыл Иран аумағындағы азаматтық инфрақұрылымға, оның ішінде көпірлерге жасалған америкалық соққыларға жауап ретінде жүзеге асырылған. Иран тарапы теңіз дрондары сақталған қойма жойылғанын, сондай-ақ АҚШ әскері шабуыл нысандарын анықтау үшін пайдаланған жасанды интеллектпен жабдықталған орталыққа бірнеше баллистикалық зымыран мен ондаған ұшқышсыз ұшу аппараты бағытталғанын хабарлады.
Сонымен қатар Иран АҚШ-тың азаматтық инфрақұрылымға шабуылдары жалғасқан жағдайда, аймақта америкалық үлесі бар компанияларға да соққы жасалатынын ескертті. Бұған қоса, Тегеран АҚШ әскери базаларын орналастырған өңір елдерін Вашингтонның әскери әрекеттеріне ортақ жауапты деп санайтынын мәлімдеді.