Италия астанасында әскерилер үкіметтен жалақыны көтеруді талап етті

Акцияны ұйымдастырушылар қазіргі қолдау шаралары әскери қызметкерлердің қажеттіліктеріне сай келмейтінін айтып, биліктен нақты шешімдер күтетінін мәлімдеді.

Италия астанасы Римде мыңдаған әскери қызметкер мен құқық қорғау органдарының өкілдері қызмет жағдайын жақсартуды талап етіп, жаппай наразылық акциясына шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Шеру Республика алаңынан басталып, қала орталығы арқылы Эсквилино алаңына дейін жалғасты. Наразылыққа қатысушылар үкіметтен жалақыны инфляцияға сай көтеруді, әскери зейнетақы жүйесін реформалауды, армияны қосымша қаржыландыруды және әлеуметтік-құқықтық кепілдіктерді кеңейтуді талап етті.

Акцияны ұйымдастырушылар қазіргі қолдау шаралары әскери қызметкерлердің қажеттіліктеріне сай келмейтінін айтып, биліктен нақты шешімдер күтетінін мәлімдеді.