Украина әскері шабуылды жаңа тәсілмен жүргізіп жатыр – Business Insider

Украина арнайы жасағы ұрыс тактикасын өзгертті

Украина арнайы жасағы ұрыс тактикасын өзгертті, деп хабарлайды Business Insider. Басылымның жазуынша, әуеден төнетін қауіптің күшеюіне байланысты украин әскері дайындық жүйесін қайта қарап, жаңа тәсілдерді енгізіп жатыр.

Украина Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметкері соңғы жылдары жауынгерлерді даярлау айтарлықтай өзгергенін айтты. Бұрын негізгі назар артиллериялық шабуылдан қорғануға аударылса, қазір жаттығулардың басым бөлігі ұшқышсыз ұшу аппараттарына қарсы әрекет етуге бағытталған.

Сондай-ақ шабуыл кезінде сарбаздардың міндеттері де өзгерген. Әскерилер жұппен қозғалады: біреуі қарсыластың позициясын бақыласа, екіншісі әуе кеңістігін үздіксіз қадағалайды. Қауіп байқалған жағдайда олар бірден атыс ашып, қауіп сейілгеннен кейін ғана алға жылжиды.