Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында павлодарлық Гүлфаз Аубанованың ұрлануына қатысты сот отырысы аяқталды.
Сот алдында фирмалардың бірінің директоры мен оның бұрынғы күзетшісі келді. Екеуі де адам өлтіруге оқталу, аса қомақты мөлшерде ақша бопсалап, алдын ала келісім бойынша бір топ болып адам ұрлау баптары бойынша айыпталған болатын.
Сондай-ақ, сот оларды моральды шығынды өтеуге міндеттеді. Соттың шешімімен Тезекбаев 4 миллион теңге, ал Милованов 2 миллион теңге төлеуге міндеттелді.
Айта кетейік, Гүлфаз Кенжетайқызы Аубанова - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің туған қарындасы. Ол - жеке медициналық ұйымдар желісінің топ-менеджері. Жекеменшік медициналық орталықтың директоры, Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы, 2009 жылдан бастап Павлодар облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің департаментін басқарған.
2019 жылы қыркүйекте Павлодар қаласының 61 жастағы тұрғыны ұрланғаны хабарланған болатын. Исиналиев көшесіндегі үйдің ауласында әйел адамға шабуыл жасалған. Жәбірленуші полицияға арызданған, онда ол шабуыл күш қолданып жасалғанын көрсеткен.