Жыл басынан бері 205 интернет-ресурс бұғатталды

Бас прокуратура баспасөз қызметінің хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары заңсыз контенті бар топтарды бұғаттаған

Қадағалау органы әлеуметтік желілер мо­ниторингі шеңберінде экстремистік, терро­ристік сипаттағы ақпарат, жасөспірімдердің суицидін насихаттау және балаларға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері таратылған топтарды анықтады.

Мысалы, POZOR PETRO Telegram-арна­сында кәмелетке толмағандардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін пост­тар, сондай-ақ сексуалдық сипаттағы бей­неро­ликтер орналастырылған. 

«Киберқадағалау» ақпараттық жүйесі арқылы қабылданған шаралардың арқасында аталған топтарға кіру бұғатталған.

Жыл басынан бері облыс прокуратурасы заңсыз контенті бар 205 интернет-ресурсты бұғаттады.

Облыстық прокуратура ата-аналарды кә­ме­летке толмаған жасөспірімдердің ақпарат­тық қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға, олардың интернет-белсенділігіне қызығушы­лық танытуға және олар қарайтын контенттер­ді бақылауға шақырады.

Ата-аналар тарапынан уақытылы назар ау­дару, интернет желісіндегі қауіпсіз мінез-құ­лық туралы үнемі әңгімелесу және әлеу­мет­тік желілер мен мессенджерлердің пай­дала­нылуын бақылау балаларды құқыққа қай­шы әрекеттерге тартудың және зиянды маз­мұнды таратудың алдын алудың маңызды шаралары болып табылады.

 

Омар Ұларбекұлы