Астанада 23 жастағы тұрғын әлеуметтік желіде әскери қызмет кезінде өзіне жыныстық зорлық жасалғаны туралы жалған ақпарат таратып, ақша жинамақ болғаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Тергеу мәліметінше, ол биыл ақпанда анонимді Threads парақшасында өміріне қауіп төніп тұрғанын айтып, шетелге кетуге қаржылай көмек сұраған және банк шотының деректерін жариялаған.
Тексеру барысында оның әскери қызметте мүлдем болмағаны анықталды. Ал қаражат жинау үшін жағдайдан бейхабар 17 жастағы танысының банк шотын пайдаланған. Екі күн ішінде бұл шотқа 15-тен астам ақша аударымы түскен.
Күдікті тергеу барысында әрекетін ақша табу мақсатында жасағанын мойындады. Сот оны алаяқтық және көрінеу жалған ақпарат тарату баптары бойынша кінәлі деп танып, 3 жылға бас бостандығынан айырды.