Хабарлама түскен бойда іздестіру және жедел-іздестіру шараларын жүргізу үшін жедел-тергеу тобы құрылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Полицейлер жоғалған азаматтың араласатын ортасын толық анықтап, туыстарынан, таныстарынан, көршілерінен және әріптестерінен жауап алды. Сондай-ақ оның болуы мүмкін орындары тексеріліп, жиналған барлық мәліметтер жан-жақты зерделенді. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері жоғалған азаматтың екі танысына шықты. Олардың тұрғылықты жерін тінту кезінде аса ауыр қылмысқа қатыстылығын дәлелдейтін айғақ заттар табылды. Бұлтартпас дәлелдердің негізінде күдіктілер жасаған қылмыстарын мойындады.
Жедел-тергеу тобының үйлесімді жұмысы мен тергеушінің кәсіби шеберлігінің арқасында қылмыстың барлық мән-жайы толық анықталып, жеткілікті дәлелдемелер жиналды. Қылмыстық іс жан-жақты, толық және объективті тергеліп, заңда белгіленген мерзімде сотқа жолданды.
2025 жылғы ақпанда сот үкімі шығарылды. Соттың шешімімен негізгі айыпталушы адам өлтіргені үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал екінші сотталушы аса ауыр қылмысты жасырғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Полиция азаматтарға адамның хабар-ошарсыз кеткені туралы әрбір хабарлама дереу тіркеліп, жедел тексерілетінін еске салады. Жоғалған адамдарды іздестіру және ауыр қылмыстарды ашу үшін полицияның барлық күш-құралдары жұмылдырылады. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсібилігі мен жедел және тергеу бөлімшелерінің үйлесімді жұмысының нәтижесінде ең күрделі қылмыстар да ашылып, кінәлілер заң алдында міндетті түрде жауап береді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.