Салтанат Нүкенованың ісі бойынша сотталған Бақытжан Байжанов бостандыққа шығады

Бұл туралы оның адвокаты Ғазиз Ынтықбаев мәлімдеді.

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша қылмысты жасырды деп сотталған Бақытжан Байжанов жақын күндері бостандыққа шығады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Адвокаттың айтуынша, Байжановқа Қазақстандағы рақымшылық туралы заңның нормалары қолданылған.

Бақытжан Байжанов жазасын Ақмола облысы Степногор қаласындағы орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеп жатқан.

Ол Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша қылмысты жасырды деген айыппен сотталған еді.

2024 жылғы 13 мамырда Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Бақытжан Байжановты кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған еді.