Қазақстанда тағы екі теміржол вокзалы жаңартылып, пайдалануға берілді

Бұл жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Павлодар облысында Қарасор стансасының теміржол вокзалын реконструкциялау жұмыстары аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жаңартылған нысан қауіпсіздік, жайлылық және қолжетімділік бойынша заманауи талаптарға толық сәйкес келеді. Бұл жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Реконструкция барысында жолаушылардың барлық санаттары үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Ғимаратта заманауи желдету және өрт қауіпсіздігі жүйелері орнатылды. Кедергісіз ортаны қамтамасыз ету мақсатында пандус, тактильді бағыттау элементтері және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы күту бөлмесі жабдықталды. Сонымен қатар жолаушылар үшін заманауи әрі жайлы күту аймақтары жасалды.

Қарасор теміржол стансасының вокзалы 3-санатқа жатады. Станса арқылы Астана, Павлодар, Көкшетау, Шымкент және Түркістан бағыттарына қатынайтын 4 жолаушылар пойызы жүреді.

Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан еліміздегі 124 теміржол вокзалын жаңғырту жөніндегі ауқымды мемлекеттік бағдарлама аясында іске асырылды.

Қайта жаңғырту барысында 1967 жылы салынған вокзал ғимараты толықтай жаңартылды. Вокзалдың қабырғасы қайта тұрғызылып, шатыры мен қасбеті ауыстырылды, инженерлік желілер толық жаңартылды, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілді және вокзал маңы абаттандырылды.

Жоба нәтижесінде вокзал ғимаратының жалпы ауданы 201 шаршы метрден 1 103 шаршы метрге дейін ұлғайып, бес еседен астам артты. Ал тәуліктік өткізу қабілеті екі есе өсіп, 100 жолаушыдан 200 жолаушыға дейін жетті. Жаңартылған вокзал қауіпсіздік, энергия тиімділігі және кедергісіз орта талаптарына толық сәйкес келеді.

Шетпе стансасы арқылы Семей, Қарағанды, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау және Орал бағыттарына қатынайтын 16 жолаушылар пойызы жүреді.

Вокзалды жаңғырту жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға, күту жағдайларын жақсартуға және тұрғындар мен өңір қонақтары үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.