Мемлекет басшысы Король Филиппке құттықтау жеделхатын жолдады

Президент Бельгияның Ұлттық күніне орай Король Филиппке құттықтау жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы бұл Бельгия халқының бірлігін айшық­тай­тын айтулы күн екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Қазақстанның Бельгия Корольдігімен достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға ай­рық­ша мән беретінін айтқан. Сондай-ақ жақында Брюссельге жа­саған сапары екіжақты ынтымақтастыққа тың серпін бер­ге­ніне назар аударған.

Президент Король Филипптің барлық игі бастамасына табыс, ал достас Бельгия халқына бақ-береке тіледі.