«Жігіттер, аманаттарыңды бағалаңдар...»: актриса Айым Сейітметова жеке өмірі туралы шындықты айтты

Блогер қазір қиын кезеңді бастан өткеріп жатқанын жасырмады.

Блогер, актриса Айым Сейітметова әлеуметтік желідегі парақшасында жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Айтуынша, ол күйеуі Талғат Итаевпен ажырасуға өтініш берген. Өтініш жазу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) барған. Өйткені онлайн жіберген өтініші қабылданбаған. Айым Сейітметова бұл шешіміне жолдасының көзіне шөп салғаны себеп болғанын жеткізді.

«Физикалық түрде жасалған опасыздық – эмоционалды опасыздық бар кезде уақыттың еншісіндегі нәрсе. Жігіттер, аманаттарыңды бағалаңдар және сүйіктілеріңді ешқашан сатпаңдар!» – деп жазды ол.

Блогер қазір қиын кезеңді бастан өткеріп жатқанын жасырмады. 

Айта кетейік, Айым Сейітметова – актер Азат Сейітметов пен актриса Данагүл Темірсұлтанованың қызы. Қазір ол бір қыз тәрбиелеп отыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.