«500 мың теңге беремін»: Ерке Есмахан оқырмандарына қаржылай сый жасамақ

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Әнші Ерке Есмахан жанкүйерлеріне қаржылай сый жасайтынын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"Көрмей, естімей қалған оқырмандарым болса, тағы айта өтейін. 2 күннен соң менің атымнан альбомымның шығуына байланысты қойылған сый иесіне табысталады. 500 мың теңге сіздікі болуы әбден мүмкін. Ол үшін кішкентай ғана тапсырма бар", - деді ол. 

Өнер иесі әніне лүпіл басқандар арасынан жеңімпазды таңдайтынын айтты. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.