Республика бойынша желдің күшеюі, бұршақ, дауылды жел күтіледі

Бүгінгі ауа райы болжамы.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі,– деп хабарлайды Aikyn.kz.
Еліміздің солтүстігінде, шығысында, орталығында, сондай-ақ оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында кей жерлерде қатты жауын-шашын жауады. Республика бойынша желдің күшеюі, бұршақ, дауылды жел күтіледі. Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болуы мүмкін.
Астанада – құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде +13...+15 °C, күндіз +23...+25 °C.
Алматыда – құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +19...+21 °C, күндіз +29...+31 °C.
Шымкентте – құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +19...+21 °C, күндіз +30...+32 °C.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.