Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев Marubeni Corporation жапон компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Кездесу барысында Париж келісімінің 6-бабы аясында бірқатар жобаларды іске асыру перспективалары, сондай-ақ Бірлескен кредиттеу тетігі (JCM) шеңберіндегі ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында 2026 жылғы 8 шілдеде Мемлекет басшысы «Экология мәселелері және экономиканың жекелеген салаларын жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойғаны атап өтілді. Аталған Заң Париж келісімінің 6.2 және 6.4-баптарында көзделген халықаралық көміртегі тетіктері аясында парниктік газдар шығарындыларын қысқарту және сіңіру жөніндегі жобаларды іске асырудың құқықтық негізін қалыптастырады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.