Орталық сайлау комиссиясы тағы 10 халықаралық байқаушыны аккредиттеді

Бұл туралы ОСК отырысында Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман хабарлады.

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға қатысатын тағы 10 халықаралық байқаушыны аккредиттеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

«2026 жылғы 23шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіОрталық сайлау комиссиясына аккредиттеу үшін 5 шет мемлекет пен 1 халықаралықұйымнан 10 халықаралық байқаушының кандидатурасын ұсынды. Атап айтқанда,Молдова Республикасынан - 4 кандидатура, оның ішінде осы елдің Орталық сайлаукомиссиясының Төрағасы, Халықаралық парламентарийлер конгресінен (IPC) - 1кандидатура, Албания Республикасынан – 2 кандидатура, Кувейт Мемлекетінен - 1кандидатура, оның ішінде осы мемлекеттің Қазақстандағы Елшісі, сондай-ақАрмения Республикасы мен Палестина Мемлекетінен бір-бір кандидатура ұсынылды», - деп хабарлады Мұхтар Ерман.

Бүгінгі таңда Орталық сайлау комиссиясы шет мемлекеттермен халықаралық ұйымдардан келген 96 халықаралық байқаушыныаккредиттеді.