«Халықпен тікелей байланыс»: ЖСДП сайлауалды науқанын бастады

Астанада штабы ашылды

Астана қаласында Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның (ЖСДП) орталық сайлауалды штабының ресми ашылуы өтіп, партияның сайлауалды үгіт-насихат науқаны салтанатты түрде басталғанын жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты ЖСДП сайлауалды штабының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ісшараға ЖСДП төрағасы Асхат Рахимжанов, Қазақстан Республикасы Құрылтайына депутаттыққа кандидаттар Максут Насибулов, Ажар Сағандықова, Наурыз Сайлаубай, Нұрлан Жабаев, сондай-ақпартияның өзге де 30-ға жуық жақтастары менбелсенділер және қоғам өкілдері қатысты.

Шара барысында «Прогресс жолдағы 20 белес!» атты сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, Құрылтай депутаттығына ұсынылған кандидаттар көпшілікке таныстырылды. Одан бөлек, өңірліксайлауалды штабтар желісінің жұмысы ресмитүрде іске қосылды.

Орталық штабтың ашылуында сөзсөйлеген ЖСДП төрағасы Асхат Рахимжанов, партияның сайлауалды науқанына ресмитүрде басталып кеткенін айтты.

«Бүгін біз жай ғана сайлауалды штабты емес, нағыз саяси күрестің штабын ашып отырмыз! Біздің басты мақсатымыз – бір партияның монополиясын бұзып, саясатта оның шынайы мәнін ашу. Біз Құрылтайға көпшіліктің қатарын толықтыру үшін емес, құрылымның қызметін бақылап, әрбір теңгенің жұмсалуына есептікті талапетуді және еңбек адамын қорғау үшін барамыз. Біз қиялдағы ғажайыптарды уәде етпейміз, біз алдымызға нақты мақсаттар қоямыз. Біздің мақсаттарымыз: ашық бюджет, тәуелсіз сот және ешқандай сыбайластыққа жол бермейтін, баршаға ортақ заң үстемдігі. Біздің кандидаттар сауық құру үшін емес, мемлекеттің әр азаматымен ашық әрі адал пікір алмасуды көздеп отыр. Олар елдің барлық өңірін аралайды, халықпен тікелей қатынас орнатады. Бізді сынайтындар бар, болады да, бірақ біз бұған дайынбыз. ЖСДП, Алға!! Алға, Қазақстан!»,-деп ұрандатты. 

Штабтың ашылуы кезінде азаматтармен тікелей байланысудың интерактивті форматтарына ерекше назар аударылды. ЖСДП-дан Құрылтай депутаттығына кандидат ретінде ұсынылған Максут Насибулов сайлауалды науқан аясында еш тоқтаусыз жұмыс істейтін жаңа жобалар турасында айтып берді.