Respublica партиясының сайлауалды штабы ашылды

Салтанатты рәсімге партия басшылығы, Құрылтай депутаттығына кандидаттар, белсенділер мен партия мүшелері қатысты. Іс-шараға еліміздің барлық 20 өңірі онлайн форматта қосылып, өңірлік штабтар өз жұмысын бір мезгілде бастады.

Respublica партиясы Қазақстан Құрылтайы депутаттарын сайлау жөніндегі республикалық сайлауалды штабын ашып, үгіт-насихат науқанын ресми түрде бастады,- деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Respublica партиясы сайлауалды штабының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров штабтыңашылуын смарт-көзілдірік арқылы Instagram желісіндетікелей эфирде көрсетіп, іс-шараны қатысушының көзімен көрсетті. Өз сөзінде ол Respublica сайлау науқанын сайлаушылармен ашық диалогқа және нақты нәтижелерге негізделген бағдарламамен жүргізетінін айтты.

 «Бізге жаңа партия құру да, жүйені өзгерту де мүмкін емес дегендер көп болды. Бірақ біз оның керісінше екенін дәлелдедік. Үш жарым жыл ішінде 3 мыңға жуық түзету ұсынып, соның жартысынан астамын заңға енгіздік. Вейптерге толық тыйым салу, банк заңнамасындағы өзгерістер, креативті индустрияны қолдау, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау – осының бәрі біздің нақты жұмысымыздың нәтижесі. Біз бүгін Құрылтайдағы орын үшін емес, өзгеріске сенген әрбір адамның сенімін ақтау үшін күреске кірісіп отырмыз. Өзгеріс дәл осы жерде, дәл қазір басталады», – деді Айдарбек Қожаназаров.

Үгіт-насихат науқанының алғашқы 100 минутында республика бойынша 6 мыңнан астам азамат қамтылды, 400-ден астам жас белсенді жұмысқа тартылды, 2 400-ден астам ақпараттық материал таратылды. Өңірлік штабтардың жұмысына 300-ден астам адам қатысты.

Шара барысында партия атынан Құрылтайдепутаттығына кандидаттарға куәліктер табысталды. 

Respublica партиялық тізіміне кәсіпкерлер, ғылым, спорт, мәдениет, креативті индустрия және қоғамдық сектор өкілдері енді.

Іс-шарада партияның тең төрағалары Сырымбек Тау мен Динара Шүкіжанова, партия төрағасының орынбасары Олжас Құспеков, VIII шақырылым Мәжілісінің депутаты Екатерина Смолякова, сондай-ақ Құрылтай депутаттығына кандидаттар – Smartestprep компаниясының бас директоры Лаура Вайгорова мен «Ирина Кайратовна» тобының продюсері Азамат Марклен сөз сөйледі.

Штабтың ашылу рәсімінен кейін партияның үгіт-насихат жұмысы Астанадағы Ботаникалық бақта және еліміздің барлық өңіріндегі штабтарда бір мезгілде басталды.