Азиада-2026: волейболдан Қазақстан құрамасының қарсыластары белгілі болды

Қазақстанның ерлер құрамасы А тобында сынға түседі.

2026 жылы Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтетін жазғы Азия ойындарында волейбол бәсекесінің жеребесі тартылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан ерлер және әйелдер ұлттық құрамаларының қарсыластары белгілі болды.

Федерацияның баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанның ерлер құрамасы А тобында сынға түседі. Топтық кезеңде олар Жапония, Пәкістан және Өзбекстан құрамаларымен кездеседі.

Ал әйелдер құрамасы В тобына түсті. Қазақстандық волейболшылар Қытай және Филиппин құрамаларына қарсы ойнайды.

Әйелдер арасындағы жарыс 16–22 қыркүйек аралығында, ал ерлер арасындағы бәсеке 27 қыркүйек – 3 қазан аралығында өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.