Елордада 80 бала карантинде жатыр
Елордада 80 бала карантинде жатыр
© elements.envato.com
95
оқылды
Қазір Нұр-Сұлтан қаласында жұқпалы, провизорлық және карантиндік ауруханаларда 1156 адам жатыр, оның ішінде 80 бала бар, - деп мәлімдеді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова Хабар 24 телеарнасындағы онлайн-брифинг барысында. 26 наурыз сағат 18.00-дегі жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласында жұқпалы, провизорлық және карантиндік ауруханаларда 1156 адам жатыр, оның ішінде 80 бала бар. 61 адам коронавирус жұқтырған.
"Бүгін тіркелген 20 науқастың 14-і бұған дейін стационарлық емдеуде жатқан. Бірінші жағдайда, науқас ЖРВИ белгілері бар азамат дене қызуы көтеріліп, пневмонияға қауіпті болып ауруханаға жатқызылған. Екіншіден, бұған дейін коронавирус жұқтырған адаммен 24-25 наурызда байланыста болған. Келесі тұлғалар шет елдерден әуежайға келіп, коронавирус инфекциясына талдау жүргізілді. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарын коронавирусқа анықтау барысында 6 жағдай оң нәтиже көрсетті", - деді Сәуле Қисықова.
Айта кетейік, 26 наурыз сағат 16.20-дағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған 109 науқас тіркелді. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 61 адам, Алматы қаласында - 40 адам, Қарағанды қаласында - 2, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам жалпы 109 науқас тіркелді. Сонымен қатар, Қазақстанда 2 адам коронавирустан емделіп шықты.