Әнші Жігер Ауыпбаев «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында отбасына қатысты сұраққа жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол алғашқы некесінің бұзылуына не себеп болғанын айтты. Айтуынша, ажырасу туралы шешімді екі тарап та таңдаған. Әнші төрт баласы барын айтты. Сонымен қатар бұрынғы жұбайымен сөйлесіп, отбасын сақтап қалуға тырысқанын атап өтті.
Оның айтуынша, арадағы қызғаныш та отбасындағы қарым-қатынасқа әсер еткен. Әнші үйінен түрлі күмәнді заттар тауып алғанын жеткізді.
«Біз бір-бірімізді жақсы көреміз, сағынамыз. Бірақ кездесе қалсақ, бір-бірімізге атыла кететін сияқтымыз. Кейіннен жалғыз тұрып жүргенімде, үйдің ішінен түрлі-түрлі нәрселер тауып алдым. Төсегімнің бас жағынан, ішкиімдердің астынан себілген тұздар шықты. Пердеге тығылған, басы күйдірілген инелер, паластың астына шашылған зираттың топырағы сияқты заттар таптым. Келіншегімнің қызғаншақтығы бар еді. Кейін ол өзі де соған жеткізгенін мойындады. Біздің отбасылық бақытымызды көре алмаған адамдардың сиқырлап жасаған арам ойы іске асты ма деп ойлаймын», - дейді Жігер Ауыпбаев.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.