Алимент алушылар арнайы шот ашып, оның деректемелерін сот орындаушысына ұсынуы тиіс, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.
Бұл өзгеріс алимент қаражатын қорғауға және оның тек бала мен еңбекке қабілетсіз адамдардың қажеттіліктеріне жұмсалуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Арнайы шоттағы қаражатқа тыйым салынбайды және басқа берешектер бойынша өндіріп алу қолданылмайды.
Арнайы шот ашылмаған жағдайда борышкердің алимент төлеу міндеті сақталады. Бірақ шот деректемелері ұсынылғанға дейін өндірілген қаражат аударылмайды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.