Димаш Құдайбергеннің Италиядағы Italian Dears фан-клубының мүшелері Колоньо-Монцезеде (Италия) Caritas қайырымдылық орталығына барып, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға азық-түлік өнімдерін табыстады. Бұл туралы dimashnews.com жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қайырымдылық бастамасының нәтижесінде 35 отбасы екі айға жеткілікті азық-түлікпен қамтамасыз етілді.
Акцияға қатысушылар Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы өздерін қайырымдылық жасауға, мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге шабыттандыратынын атап өтті. Олардың айтуынша, тіпті шағын ғана көмек те өзгенің өмірін жеңілдетуге ықпал етеді.
Italian Dears фан-клубының өкілдері қайырымдылық акциясына атсалысқан барлық жанкүйерлерге, сондай-ақ бастаманы қолдап, жылы қабылдаған Caritas орталығының қызметкерлеріне шынайы ризашылықтарын білдірді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.