Астанада жалған чек көрсетіп, базардағы сатушыны алдаған ер адам ұсталды

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полицияның мәліметінше, күдікті өзін қарапайым сатып алушы ретінде таныстырып, алдымен көкөніс пен жеміс-жидек таңдап алған. Кейін мобильді қосымша арқылы ақша аударғандай болып, қолдан жасалған төлем чегін көрсеткен. Ақша шотқа түсті деп сенген сатушылар тауарды оған беріп отырған.

Тергеу барысында бұл күдіктінің алғашқы алаяқтығы емес екені анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол осыған ұқсас тәсілмен бірнеше саудагерді алдаған болуы мүмкін. Қазір оның өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция кәсіпкерлер мен сатушыларға төлем туралы чекті ғана емес, қаражаттың банк шотына нақты түскеніне көз жеткізгеннен кейін ғана тауарды сатып алушыға беруге кеңес берді.