Түлкібаста екі жасар бала ауладағы әжетханаға құлап, қаза тапты

Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 22 шілдеде Ақсу-Жабағылы ауылында болған.

Түркістан облысының Түлкібас ауданында екі жасар бала ауладағы сыртқы әжетханаға құлап, қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 22 шілдеде Ақсу-Жабағылы ауылында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, 2024 жылы туған бүлдіршін тұрғын үйдің ауласында ересектердің қарауынсыз қалып, тереңдігі шамамен 2,5 метр болатын сыртқы әжетханаға абайсызда құлап кеткен.

Оқиға орнына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары, жедел медициналық жәрдем қызметі, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган мен орман шаруашылығының мамандары жұмылдырылды.

Құтқарушылар баланың денесін сыртқа шығарып, оны медицина қызметкерлеріне тапсырды.