Әнші Бақыт Тұрман танымал коучты сынға алды

Өнер иесі Instagram парақшасында ойын ашық білдірді.

Әнші Бақыт Тұрман белгілі коуч Айнұр Бектұрғанды сынға алды, – деп жазды Aikyn.kz.

Әлеуметтік желіде көпшілікке ақыл-кеңесін бөлісіп жүрген Айнұр Бектұрған сотуарын сатылымға шығарғанын айтты. Коучтың бұл әрекеті әнші Бақыт Тұрманға жақпай қалған. Өнер иесі Instagram парақшасында ойын ашық білдірді. 

«Сізді осыған дейін тыңдап, ойларыңызға тәнті болып жүр едім. Әйтеуір халықтың қалтасына түспей, «тегін ақыл айтатын адам табылды-ау» деп. Бірақ әңгімеңізге аңқау әйелдерді байлап алып, сонша ақшаға тренинг өткізіп, енді мынау «пустышка» әшекейлерді удай қымбат ақшаға сатуыңыз дұрыс болмады. Тағы бір лохотрон өкінішке қарай. Тағы бір аңқау халықтың кіршіксіз көңілін жаулаған, жалған үміт таққан, қиындығына қиындық қосқан әрекет. Жағдайыңыз жаман емес сияқты, түр-келбетіңізге қарасам. Соншалықты ақыл болса, жеткізгіңіз келсе тегін-ақ істесеңізші. Сол сіздің әкеңізден қалған ақылды пайдаға жаратып, Алла разылығы үшін жасаған әрекетіңіз болсын”, - деді Бақыт Тұрман.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.