Қазгидромет 25 шілдеде еліміздің барлық облысында ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Кей жерлерде нөсер жаңбыр мен тұман түседі. Батыс және орталық аймақтарда аптап ыстық сақталып, ауа температурасы 43 градусқа дейін көтеріледі. Сонымен қатар көптеген өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Астанада өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік және солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні найзағай кезінде секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Ақмола облысында облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз бұршақ түсіп, жел күшейеді. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Солтүстік және солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде 15-20 м/с-қа жетеді. Батыс бөлігінде жоғары өрт қаупі, оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда күндіз арагідік жаңбыр жауып, найзағай болады. Желдің екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз оңтүстікте 15-20 м/с болады. Батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда түнде және таңертең тұман түседі.
Қостанай облысында күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түседі. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман болады. Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтерілсе, оңтүстігінде 38 градусқа дейін ысиды. Батысында, шығысында және орталығында жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысында батысында, оңтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай болып, бұршақ түседі. Солтүстік-батыс және солтүстіктен соғатын желдің екпіні облыстың батысы мен оңтүстігінде 15-20 м/с-қа жетеді. Шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда түнде жаңбыр жауып, найзағай болып, бұршақ түседі. Желдің екпіні түнде 15-20 м/с.
Қарағанды облысында түнде облыстың батысы мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түседі. Солтүстік-батыс және солтүстіктен соғатын желдің екпіні күндіз облыстың батысында, орталығында және шығысында 18 м/с-қа дейін күшейеді. Батысында жоғары өрт қаупі, шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады.
Ұлытау облысында күндіз ауа температурасы 35-39 градусқа дейін көтеріледі. Оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Батысында, солтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында нөсер жаңбыр болады. Күндіз бұршақ жауып, жел күшейеді. Таулы аудандарда өте қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Оңтүстігінде жоғары, ал оңтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Желдің екпіні күндіз 15 м/с.
Абай облысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Солтүстігінде, шығысында және орталығында нөсер жаңбыр. Күндіз бұршақ жауып, жел күшейеді. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында тұман түседі. Солтүстік-батыс және солтүстіктен соғатын желдің екпіні облыстың солтүстігінде, оңтүстік-батысында және шығысында 15-20 м/с, күндіз 23 м/с-қа дейін күшейеді. Солтүстік-шығысында, оңтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Желдің екпіні 15-18 м/с.
Алматы облысында облыстың оңтүстігі мен таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, оңтүстігінде және таулы аудандарында 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Жоғары өрт қаупі сақталып, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі бар. Қонаевта күндіз 35 градус ыстық болады. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматыда күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады. Іле Алатауының таулы бөлігінде, сондай-ақ Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с болады.
Жетісу облысында шығысында және таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз шығысында 15-20 м/с-қа жетеді. Солтүстігінде, шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысында күндіз оңтүстігінде және таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с болады. Жалпы өңірде төтенше өрт қаупі сақталады, ал шығысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар. Таразда төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысында күндіз таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай болып, жел күшейеді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні облыстың солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында 15-20 м/с-қа жетеді. Солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент пен Түркістанда солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с болады.
Қызылорда облысында күндіз облыстың орталығында шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз орталық бөлігінде 15-20 м/с-қа жетеді. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада да төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысында күндіз ауа температурасы 35-39 градусқа дейін көтеріледі, ал оңтүстік-батысында аптап ыстық 41-42 градусқа жетеді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз облыстың оңтүстік-батысында 15-18 м/с болады. Солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі күтілсе, батысында, оңтүстігінде және шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында шығыс және оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде желдің екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Күндіз қатты және өте қатты ыстық болып, ауа температурасы 43 градусқа дейін көтеріледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз 40-42 градусқа дейін аптап ыстық болады. Қалада да төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында облыстың солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз ауа температурасы 38-42 градус болады. Солтүстігі мен батысында жоғары өрт қаупі, солтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында облыстың батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз бұршақ түсіп, жел күшейеді. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз ауа температурасы 35-39 градусқа дейін көтерілсе, облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде аптап ыстық 41-42 градусқа дейін жетеді. Батысында, оңтүстігінде және солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, ал оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Оралда күндіз ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтеріледі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.