Дулат Бекбауов WBA тұжырымының бұрынғы чемпионын жеңді

Қазақстандық боксшы кәсіпқой рингтегі төртінші жеңісіне қол жеткізді.

Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов Алматыда өткен кәсіпқой бокс кешінде Беларусь өкілі Евгений Долголевецті жеңді, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жартылай орта салмақтағы сегіз раундтық жекпе-жек төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен Бекбауовтың пайдасына аяқталды. Осылайша қазақстандық боксшы кәсіпқой рингтегі төртінші жеңісіне қол жеткізді.

Долголевец бұған дейін WBA Inter-Continental белбеуінің иегері болған.

Бекбауов допинг офицерлеріне өзінің орналасқан жері туралы ақпаратты үш рет бермегені үшін әуесқой бокстан 2027 жылғы 17 қарашаға дейін шеттетілген.