Қазақстандық боксшы IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды

Әли Ахмедов техникалық нокаутпен жеңіп, IBO тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы атанды

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов Алматыда өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде оңтүстікафрикалық Асемахле Веллемді жеңді, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жартылай ауыр салмақтағы IBO тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы атағы сарапқа салынған кездесуде Ахмедов қарсыласын үшінші раундта техникалық нокаутпен тоқтатты. Екінші раундта Веллем екі рет, үшінші раундта тағы бір рет нокдаунға түсті.

Осылайша Әли Ахмедов кәсіпқой мансабындағы 26-жеңісіне қол жеткізіп, IBO тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы атанды.