«Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмысы жалғасып жатыр

Партия мүшелері өз тарапынан кездесулерде экономикалық саясат, кәсіпкерлікті қолдау және өзге де өзекті мәселелер талқылап қана қоймай, сайлау науқанына қатысты бірқатар тақырыптар бойынша пікір алмасып жатыр.

«Ақ жол» демократиялық партиясы өкілдері сайлаушылармен кездесулері жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Aikyn.kz

«Ақ жол» демократиялық партиясының ұстанған ұстамы - Шынайы тәуелсіздік ұрандардан емес, әр адамның өмірінен бастау алады. Тәуелсіздік – тек ту мен әнұран емес. Бұл – өз болашағыңды айқындау құқығы мен ұлттық мүддені биік қоюы.

Сондықтан партия табиғи байлықтың халық игілігіне жұмсалуы мен ұрланған қаражаттың елге қайтарылуы тиіс деп санайды. Әр азаматтың өз қаражатының қалай жұмсалып жатқанын біліп, қаржы саясатының ашықтығы мен биліктің қоғамға нақты жауап беруі тиіс деп есептейді. Оған қоса, кәсіпкерліктің еркін дамып, оған мемлекеттің қолдау көрсетуі тиіс. Отандық өндіріс күшейіп, халықтың әл-ауқатының артуы қажет. Осыған сай жас отбасылардың баспаналы болып, зейнеткерлердің ертеңге сеніммен қарап, әр азаматтың әділ әлеуметтік қолдауға қол жеткізуі тиіс санайды. 

Осы таңдау 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауында шешіледі. Партия мүшелері халықты өз таңдауын жасап, Құрылтайға дауыс беруге шақырды.