Бүгін доллар, еуро және рубль қаншадан саудаланып жатқаны белгілі болды

Алматыдағы айырбастау орындарында доллар 472–474,5 теңге, еуро 540–544 теңге, ал Ресей рублі 5,73–5,83 теңге аралығында бағаланып отыр.

26 шілдедегі мәлімет бойынша, Қазақстанның ірі қалаларындағы айырбастау пункттерінде шетел валюталарының бағамы жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Астанада АҚШ долларын айырбастау пункттері 470 теңгеден сатып алып, 477 теңгеден сатып жатыр. Еуроның бағамы 533–543 теңге аралығында болса, Ресей рублі 5,50–5,90 теңге аралығында саудалануда.

Алматыдағы айырбастау орындарында доллар 472–474,5 теңге, еуро 540–544 теңге, ал Ресей рублі 5,73–5,83 теңге аралығында бағаланып отыр.

Шымкентте АҚШ доллары 471 теңгеден сатып алынып, 473 теңгеден сатылуда. Еуроның бағамы 536–541 теңге, ал Ресей рублі 5,71–5,76 теңге аралығында белгіленген.

Сонымен қатар, Қазақстан Ұлттық банкінің демалыс күндеріне бекіткен ресми валюта бағамына сәйкес, АҚШ доллары – 476,07 теңге, еуро – 541,86 теңге, Ресей рублі – 6,08 теңге болды.

Валюта бағамдары айырбастау пункттеріне байланысты өзгеруі мүмкін. Сондықтан шетел валютасын сатып алу немесе сату алдында нақты бағамды алдын ала тексерген жөн.