Алматыда жүк көлігі жол жиегіндегі бетон қоршауды соқты

Құқық қорғау органдары жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жылдамдық режимін бұзбауға және көлік құралын мұқият басқаруға кеңес берді.

Алматыда Shacman маркалы жүк көлігі жол апатына ұшырады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жол-көлік оқиғасы Әуезов ауданындағы Саин көшесінде, Абай даңғылы жол өткелінің астында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, солтүстік бағытта келе жатқан Shacman жүк көлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай қалып, жол жиегіндегі бетон қоршауға соғылған.

Соққының салдарынан жүк көлігінің кабинасы қатты зақымданған. Абырой болғанда, жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері тиісті әкімшілік материалдарды рәсімдеді.

Құқық қорғау органдары жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жылдамдық режимін бұзбауға және көлік құралын мұқият басқаруға кеңес берді.