Дүйсенбі, 27 шілдеде Астананың бірнеше мекенжайында жарық пен ыстық су уақытша өшіріледі.
Бұл туралы Астана әкімдігінің Мониторинг және жедел әрекет ету орталығы хабарлады.
Электр энергиясы мекенжайға байланысты 08:30–12:00, 08:30–16:00, 08:30–16:30, 09:00–10:00 және 09:00–16:30 аралығында өшіріледі.
Уақытша шектеулердің себебі – электр желілерін күрделі жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстары.