Америкалық кәсіпкер Илон Маск енді триллион долларлық байлық иесі емес. Оның компаниялары акцияларының арзандауына байланысты дәулеті 100 миллиард доллардан астам сомаға қысқарды.
Маск қаржылық жағдайының нашарлағанын X әлеуметтік желісінде жариялаған жазбасында мойындап, өзін әзілмен «бұрынғы триллионер» деп атады. Оның жазбасын шамамен 25 миллион адам көрген.
Бұған дейін SpaceX компаниясының IPO-сынан кейін Илон Маск әлемдегі алғашқы триллионер атанған еді. Forbes мәліметінше, кәсіпкердің компаниядағы шамамен 42 пайыздық үлесінің құны 690 миллиард долларға дейін өсіп, жалпы байлығы 1 триллион доллардан асқан.
Алайда Маск бұл мәртебені екі аптаға да жетпейтін уақыт сақтады. Оның дәулеті 118 миллиард долларға азайып, 957 миллиард долларды құрады.