Әнші Қайрат Нұртас жаңа әнін тыңдарманға таныстырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Өнер иесі Instagram парақшасында жариялаған бейнежазбаға қарағанда, «Сен және мен» атты туындыны әнші Балжан Бидашпен бірге орындайды. Ән заманауи стильде жазылып, ырғақты әуенімен ерекшеленеді.
Желі қолданушылары жаңа туындыға қатысты түрлі пікір білдіруде. Бірі әннің көңілден шыққанын айтып, дуэтке оң бағасын берсе, енді бірі: «Бұл ән мүлдем ұнамады», «Дуэт айтатын адамнан қателесіпсің» деген пікірлер қалдырған.