Қазақстанның өңірлерінде қолайсыз ауа райы сақталады

Бүгінгі күнге ауа райы болжамы.

27 шілдеде Қазақстанның бірқатар өңірлерінде қолайсыз ауа райы сақталады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Батыс, оңтүстік және орталық облыстарда қатты және өте қатты ыстық болады. Кейбір аудандарда ауа температурасы +40…+47 °C-қа дейін көтеріледі.
Ыстық ауа райы байқалатын өңірлердің басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Кейбір облыстарда қатты жел, шаңды дауыл, найзағай, дауыл және бұршақ күтіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.