Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Эндрю Бернемді құттықтады

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Эндрю Бернемді Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің премьер-министрі қызметіне кірісуімен құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы қарым-қатынас деңгейі жоғары екенін атап өтіп, екі ел халықтарының мүддесі үшін саяси диалогты, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайту бағытында бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін растады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Эндрю Бернемнің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, достас Біріккен Корольдік халқына бақ-береке тіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.