Birgemiz қоғамдық қорына алғашқы 906 миллион теңге көмек аударылды
Birgemiz қоғамдық қорына алғашқы 906 миллион теңге көмек аударылды
© сурет интернеттен алынды
Бұл туралы Birgemiz қоғамдық қорының төрағасы Руслан Сакеев мәлімдеді. – Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Елбасы бастамасымен құрылған Birgemiz қоғамдық қорына ел кәсіпкерлерінен 41 млн доллар қаржы аударылатыны туралы жазба жарияланған болатын. Алайда мерекелік демалыстың ұзаққа созылуына байланысты бұл қаражат алдағы уақытта түседі деген ойдамыз. 26 наурыз 18.00-дегі жағдай бойынша қордың есеп-шотына 906 млн теңге түсті. Ең алғашқы 5 млн теңгені аударған Мәди Ихтиляпов есімді азаматқа айтар алғысым зор. Қалған 901 млн теңгені бірнеше заңды тұлға аударды. Осындай қиын кезеңде мұқтаж жандарға көмекке берілетін қаражатты жинауға атсалысып жатқан барша қазақстандықтарға алғыс айтамыз, - деді ол. Birgemiz қоғамдық қоры коронавируспен күрес кезінде халықтың аз қамтылған бөлігіне көмек көрсету үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған.