«Челси» футбол клубы Дастан Сәтпаев қатысқан жаңа видеоны жариялады

Жаттығуға арнайы келген қазақстандық жанкүйерлер жас футболшыға қолдау білдірді.

Лондонның «Челси» футбол клубы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев қатысқан жаңа видеоны әлеуметтік желіде жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Клубтың Instagram парақшасында команданың Австралиядағы оқу-жаттығу жиынына келуі көрсетілген. Бейнежазбада футболшылардың автобустан түскен сәті бейнеленген, олардың арасында Дастан Сәтпаев та бар.

Сондай-ақ Сиднейде өткен «Челсидің» ашық жаттығуынан кадрлар жарияланды. Жаттығуға арнайы келген қазақстандық жанкүйерлер жас футболшыға қолдау білдірді.

Айта кетейік, «Челси» маусым алдындағы тур аясында Сиднейде «Вестерн Сидней Уондерерс» және «Тоттенхэмге» қарсы жолдастық матчтар өткізеді.