Ұлттық теледебат: жеті партия өкілдері тікелей эфирде кездеседі

Теледебат барысында көрермендердің әлеуметтік желілер арқылы жолдаған сауалдарын қабылдайтын арнайы Call-орталық жұмыс істейді.

«Qazaqstan» телеарнасында тікелей эфирде саяси партиялар арасында ұлттық теледебат өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

7 саяси партияның өкілдері бір алаңда бас қосып, сайлауалды бағдарламалары мен ел дамуына қатысты ұстанымдарын таныстырады.

Теледебат барысында көрермендердің әлеуметтік желілер арқылы жолдаған сауалдарын қабылдайтын арнайы Call-орталық жұмыс істейді.