Әнші Алтынай Жорабаева қызын ұзатты (видео)

Желі қолданушылары екі жасқа бақыт тілеп жатыр.

Әнші Алтынай Жорабаева отбасындағы қуанышты жаңалықты жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі екінші қызын ұзатты. Әлеуметтік желіде құдаларды қарсы алып жатқан бейнежазбаны жариялады.

«Алланың қалауымен жаңа құдаларымызға есік-төр көрсетіп жатырмыз. Осындай қуанышты күнге жеткізген Раббыма шүкір. Дастарханымыз берекелі, дастық қарым-қатынасымыз ғұмырлы, екі әулеттің арасы сыйластық пен татулыққа толы болсын. Әумин! Қызымызды құдаларымызға көрсетіп, күйеу баламызға төс тарттық. Дәстүріміздің әр сәті – береке мен сыйластықтың белгісі. Алла екі жасқа бақытты ғұмыр нәсіп етсін», - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары екі жасқа бақыт тілеп, пікір жазып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.