Батыс Қазақстан облысында табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Батыс Қазақстан облысында Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Орал орман шаруашылығы аумағында болған табиғи өртті сөндіру жұмыстары жүріп жатыр. Өртті сөндіруге ТЖМ күштері мен құралдары, Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты орман шаруашылығы қызметтері, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ ТЖМ 20982 әскери бөлімінің 2-ші құтқару батальоны жұмылдырылды.
Әуеден өрт сөндіру жұмыстарына ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ және ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазавиаорманқорғау» РМК тікұшақтары тартылды.
Өртті сөндіру жұмыстары екпінді желдің әсерінен қиындап жатыр. Соған қарамастан, бөлімшелер өртті толық сөндіру бойынша қажетті жұмыстарды жалғастырып жатыр.
Өртті сөндіруге шамамен 80 адам, 10 бірлік жерүсті техникасы және 2 тікұшақ жұмылдырылған. Авиация көмегімен жалпы көлемі 68 тонна болатын 46 рет су төгу жұмыстары орындалды. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
ҚР ТЖМ жағдай бақылауында екенін хабарлады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.