Өңірдің өнеркәсіптік әлеуеті артады

Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімі Есет Байкенді қабылдады.

Президентке Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық даму барысы және алдағы кезеңге арналған жоспарлар жөнінде баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдегі инф­рақұрылымды дамыту, инвестиция тарту, өнеркәсіп әлеуетін көтеру, инже­нер­лік желілерді жаңғырту және тұрғын­дарға сапалы әлеуметтік қызмет көрсету жұмыстары туралы мәлімет берілді. Сон­дай-ақ басым жобаларды жүзеге асыру жө­нінде ұсыныстар айтылды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы об­лыстың орнықты дамуын қамтамасыз ету­ге, өңірдің инвестициялық тартым­дылығын арттыруға және азаматтардың тұр­мыс сапасын жақсартуға бағытталған бір­қатар тапсырма берді.