Бюджеттің негізсіз жұмсалуына жол берілмейді

Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Агенттіктің биыл­­ғы бірінші жартыжылдықта атқарған жұмысының негізгі қорытындылары мен ал­дағы кезеңге арналған міндеттер туралы есеп берілді.

Жанат Элиманов 496 қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, жәбірлену­ші­лер­ге 22,6 миллиард теңгенің зардабы өтел­­­ге­нін жеткізді. Сондай-ақ 7 қыл­мыс­тық топ­­тың (оның ішінде төртеуі – тран­с­ұлт­тық топ) және 176 миллиард теңгеден астам қа­ра­жатты заңсыз түрде қолма-қол ақшаға ай­налдырған 44 желінің қызметіне тосқауыл қойылғанын атап өтті.

Есірткі бизнесі мен алаяқтықтан түс­кен кіріс­ті жылыстату үшін пайдаланылған 12 ас­тыртын криптоайырбастау пункті жойыл­­ған. Бұдан бөлек, өз есепшоттары ар­қылы 113 мил­лиард теңгені өткізген 36 дроп­перлік топ анықталды.

Президентке ТМД елдері аумағында ал­­ғаш рет дербес деректерді заңсыз ием­дену мақ­сатында ұялы байланыс опера­тор­­лары­ның жұмысын имитация жасай­тын және фишинг SMS-хабарламаларды жаппай тара­татын арнайы құрылғыны пай­даланған адам­дар ұсталғаны баян­дал­ды.

Агенттік төрағасы бюджет шығыс­тары­на мо­ниторинг жүргізу шаралары тура­лы айт­ты. Мәселен, 52 инфра­құры­лымдық жоба бойын­ша 279 миллиард теңге қаржының не­гіз­сіз жұмсалуына жол берілген жоқ. Ғы­лыми әзірлемелерді ком­мерцияландыру ке­зінде 10 миллиард теңге көлемінде мем­ле­кет қаржысын жым­қыру ықтималдығы анық­талды. Сон­­дай-ақ Міндетті әлеуметтік ме­дициналық сақтандыру қорынан заңсыз қар­жы алу үшін жеке клиникалардың 140 мың аза­маттың жалған тіркеу мәліметтерін көр­сеткені белгілі болды.

Бұдан бөлек, алдын алу жұмыстары ая­сын­да заңсыз ойын бизнесінің белгілері бар 9 мың сайт пен аккаунт бұғатталды. Алаяқ­тық пиғылымен ашылған 2,3 мың ресурстың жә­не 35 мыңнан аса мүшесі бар 25 чаттың қыз­меті тоқтатылды.

Қаржылық сауатты арттыру бағытын­дағы іс-шараларға 245 мыңнан астам аза­мат қатысты. Салалық заңнаманы жетілдірудің нә­­­тижесінде Қазақстанның рейтингтегі орны ФАТФ-тың төрт негізгі ұсынымы бойын­ша жоғарылады.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Агент­тік қызметінің негізгі бағыттарына қа­тыс­ты бірқатар нақты тапсырма бер­ді.