Мемлекет басшысы Таиланд Королі Маха Вачиралонгкорнды туған күнімен құттықтады

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатында Корольдіктің орнықты дамуының, ұлттық мұрасы мен рухани құндылықтарының айшықты белгісі ретінде бұл мерекенің Таиланд халқы үшін ерекше мәнге ие екенін атап өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақорданың ақпаратына сілтеме жасап.
Президент достық пен өзара қолдауға негізделген екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады.
Мемлекет басшысы Корольдің жауапты қызметіне табыс, ал достас Таиланд халқына құт-береке тіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.