«Ақ жол» партиясының кандидаттары еңбек ұжымымен кездесті

«Ақ жол» партиясы микроқаржы ұйымынан зардап шеккен жүз мыңнан астам адамға көмектескен.

«Ақ жол» партиясынан Ұлттық құрылтайға депутаттыққа үміткерлер Алматы қаласындағы «Сантех Комплект Групп» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Партия өкілдері Олжас Нұралдинов, Константин Логутов, сондай-ақ «Ақ жол» партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы Асқар Бискултанов «Сантех Комплект Групп» ЖШС-нің бас офисінде ұжыммен кездесу өткізіп, партияның саяси бағдарламасының негізгі басымдығын айтып берді. 

Сонымен қатар ұжым алдында Микроқаржы ұйымдары қауымдастығының төрағасы Ербол Омарханов  «Ақ жол» партиясы микроқаржы ұйымынан зардап шеккен жүз мыңнан астам адамға көмектескен. Олар микроқаржы ұйымдарының заңсыз қызметін реттеу (ҚР ҚК 214-1-бабы) үшін белсенді жұмыс жүргізген болатын. 

Еске сала кетейік, ҚР бір палаталы Парламенті — Құрылтайға сайлау 2026 жылдың 23 тамызында өтеді. Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы сайлау бюллетенінде №6 нөмірімен белгіленген.