Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінің спорт басшылары Астанаға келді

Шетелдік делегациялар Астанада 29 шілде мен 9 тамыз аралығында өтетін «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорттық турнирінің ашылуы мен ресми жиындарына қатысады.

«Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турниріне қатысу үшін Астанаға Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Дене шынықтыру және спорт мемлекеттік агенттігінің директоры Урмат Асанбаев, Қырғыз Республикасының құрметті азаматы, профессор Хабибула Файзулаұлы Анарқұлов және Өзбекстан Республикасының спорт министрі Адхам Ильхамұлы Икрамов келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Құрметті меймандарды Астана халықаралық әуежайында Қазақстан Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев қарсы алып, қазақ халқының қонақжайлығын танытатын ықылас білдірілді. 

Шетелдік делегациялар Астанада 29 шілде мен 9 тамыз аралығында өтетін «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорттық турнирінің ашылуы мен ресми жиындарына қатысады. 

Туризм және спорт министрлігі мәліметінше, бұл байрақты бәсекеде 35 елден келген 800 спортшы сегіз дисциплина бойынша бақ сынайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.