Бүгін шаңды дауыл, нөсер жаңбыр және +41°C-қа дейінгі аптап ыстық күтіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Астанада бұлтты жаңбыр, найзағай күтіледі. Желдің жылдамдығы 7–12 м/с, екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +29…+31°C.
Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +30…+32°C.
Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +22…+24°C, күндіз +38…+40°C.
Өңірлерде жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жауын-шашын, бұршақ, шаңды дауыл күтіледі. Сондай-ақ аптап ыстық +41°C-қа дейін жетіп, өрт қаупінің жоғары және төтенше деңгейі сақталады.
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер:
Астана қ.: 29 шілдеде күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.
Шымкент қ.: 29 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі.
29-30 шілдеде Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында, 29 шілде - 01 тамызда Маңғыстау облысында қатты және өте қатты ыстық сақталады.
29-31 шілдеде Қостанай, Ақтөбе, Ұлытау облыстарында қатты және өте қатты ыстық күтіледі.
29 шілде - 01 тамызда Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында, 29 шілде - 02 тамызда Қызылорда, Түркістан облыстарында қатты ыстық күтіледі. Қатты және өте қатты ыстық болжамына байланысты облыстардың басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.
29 шілдеде Атырау, Ақтөбе облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде күндіз 40-43 градус өте қатты ыстық күтіледі.
29 шілдеде Маңғыстау облысында күндіз 43-47 градус өте қатты ыстық күтіледі.
29 шілдеде Ақтөбе облысында күндіз 35-39 градус қатты ыстық күтіледі.
29-30 шілдеде күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. 29 шілдеде күндіз облыс бойынша 40-42 градус қатты ыстық, 30 шілдеде күндіз облыс бойынша 40-44 градус ыстық күтіледі. 29-30 шілдеде облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
29 шілдеде түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аймақтарда жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде, таулы аймақтарда кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аймақтарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
29 шілдеде Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
29 шілдеде түнде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
29 шілдеде Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
29 шілдеде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде өткінші жаңбыр, найзағай. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
29 шілдеде күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
29 шілдеде таңертең және күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында 35 градус қатты ыстық. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
29 шілдеде Ұлытау облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
29 шілдеде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, шығысында, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
29 шілдеде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың бойынша жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
29 шілдеде күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с. Күндіз облыстың батысында 35 градус қатты ыстық. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
29 шілдеде күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
29 шілдеде күндіз Алматы облысының тау бөктеріндегі аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 29 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
29 шілдеде күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
29 шілдеде күндіз Түркістан облысының батысында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, күндіз облыстың тау асуларында екпіні 23-28 м/с. Күндіз 40-41 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
29 шілдеде Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.